Thursday, February 09, 2023

Kids’ Choice Awards 2023 Includes Kazakh Category For The First Time

The Nickelodeon Kids’ Choice Awards 2023 is making history by being the first ever Kids’ Choice Awards to include a country-specific category for Kazakhstan!


This year, fans in Kazakhstan can vote for their favourite influencers in the "Favorite Kazakh Influencer" category, featuring nominees Alina Kim, Amina Malgazhdar, Zhasmin Saideldinova, and Batyr White.

Fans can vote for their favourite Kazakh Influencer online by visiting kca.nickelodeon.tv/vote, with the winner being announced during Nickelodeon 2023 Kids’ Choice Awards!

Жаңалықтарға дайынсың ба? 2023 Kids’ Choice Awards номинанттары жарияланды! Биыл KCA тарихында тұңғыш рет Қазақстан үшін жеке номинация ұсынылды🧡
@aminokka
@hommm9k
@batyr.white
@saideldinova_zhasmin

Дәл қазір сүйікті ықпал етушіге қолдау көрсет! Парақшамыздағы сілтеме арқылы сайтқа кір. Күн сайын дауыс бере аласыз!

Жеңімпазды наурыз айында біздің парақшамыздан білесің😉

Дауыс бер және Kids’ Choice Awards қазақ тілінде көр! Жақында! Nickelodeon HD арнасында

#KCA

Hosted by CBS Mornings co-host and CBS Sports Analyst Nate Burleson and digital superstar Charli D’Amelio, Nickelodeon’s Kids’ Choice Awards 2023 will air live in the U.S. on Saturday, March 4, at 7 p.m. (ET/PT) from the Microsoft Theater for the first time ever, and on Wednesday 8th March at 20:00 on the Nickelodeon HD channel in Kazakhstan.



Қазақстандық кішкентай блогерлер алғаш рет Nickelodeon Kids Choice Awards үміткерлері қатарына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards сыйлығының үміткерлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсім 4 наурызда Лос-Анджелесте өтеді және мұнда балалар арасындағы кино, теледидар, музыка, спорт пен әлеуметтік желілер әлемінің ең танымал өкілдері бақ сынайды. Сонымен қатар, балаларға арналған сүйікті әндер, фильмдер, телешоулар мен сериалдар да аталып өтеді.

Биылғы жылы Kids Choice Awards сыйлығына Бейонсе, Крис Эванс, Леди Гага, Селена Гомес, Лиззо, Гарри Стайлс, Серена Уильямс, Эд Ширан, Тейлор Свифт және тағы басқалар ұсынылды. Алғаш рет ұсынылғандардың арасында Дженна Ортега, Джек Харлоу, GAYLE, Джоджи, Ники Юр, Летиция Райт және басқалар бар. «Очень странные дела» сериалы алты номинация тізімінің көш басында тұр, одан кейінгі орындардан әрқайсысы төрт номинациядан тұратын «Ох уж эта Лэй-Лэй», «Классный мюзикл: Мюзикл» және «Волшебные покровители: Еще волшебнее» сериалдарын көруге болады.

Nickelodeon Kids' Choice Awards сыйлығы әлемдік супер жұлдыздардан басқа, әлемнің әр тарапындағы инфлюенсерлер үшін аймақтық номинацияларды да қамтиды. Биылғы жылы салтанатты рәсім тарихында алғаш рет Қазақстаннан «Сүйікті қазақстандық инфлюенсерлер» номинациясы бойынша төрт үміткер: Алина Ким (Homa), Амина Малгаждар (Аминка Витаминка), Жасмин Сайделдинова (Jessysclick) және Батыр (Batyr White) сайысқа түсетін болады.

Үміткерлердің бүкіл әлем бойынша жанкүйерлері Kids Choice Awards-тың ресми сайтында 31 категория, сонымен қатар әлем бойынша аймақтарда қолжетімді болатын 32 халықаралық категорияда дауыс бере алады.

Nickelodeon Kids' Choice Awards-2023 бүкіл әлем бойынша түрлі платформаларда көрсетіледі. Қазақстанда салтанатты рәсімді 8 наурыз күні сағат 20:00-де, қазақ тілінде Nickelodeon HD арнасынан көруге болады. Аймақтық номинация жеңімпазы сол күні арнаның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланады.

###


Originally published: February 09, 2023.

Additional sources: Jibek Joly, Famous Birthdays, Mentrum.

Follow NickALive! on Twitter, RedditInstagramFacebookGoogle NewsTumblrvia RSS and more for the latest Nickelodeon Қазақстан and KCA 2023 News and Highlights!

No comments:

Post a Comment

Have your say by leaving a comment below! NickALive! welcomes friendly and respectful comments. Please familiarize with the blog's Comment Policy before commenting. All new comments are moderated and won't appear straight away.